Adana Adıyaman Afyon Ağrı Aksaray Amasya Ankara Antalya Ardahan Artvin Aydın Balıkesir Bartın Batman Bayburt Bilecik Bingöl Bitlis Bolu Burdur Bursa Çanakkale Çankırı Çorum Denizli Diyarbakır Düzce Edirne Elazığ Erzincan Erzurum Eskişehir Gaziantep Giresun Gümüşhane Hakkari Hatay Iğdır Isparta İstanbul İzmir K.Maraş Karabük Karaman Kars Kastamonu Kayseri Kırıkkale Kırklareli Kırşehir Kilis Kocaeli Konya Kütahya Malatya Manisa Mardin Mersin Muğla Muş Nevşehir Niğde Ordu Osmaniye Rize Sakarya Samsun Siirt Sinop Sivas Şanlıurfa Şırnak Tekirdağ Tokat Trabzon Tunceli Uşak Van Yalova Yozgat Zonguldak
İstanbul °C

Мемлекет басшысы «Теңізшевройл» компаниясының 30 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысты

Мемлекет басшысы «Теңізшевройл» компаниясының 30 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысты
REKLAM ALANI
06.04.2023
A+
A-

 

 

 

 

Жаңалықтар
Астана, Қазақстан
Мемлекет басшысы «Теңізшевройл» компаниясының 30 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысты
2023 жылғы 0
Президент «Шеврон» корпорациясы Қазақстанмен бірлескен кәсіпорын ашқан алғашқы шетел компаниясы екенін атап өтіп, компанияның 30 жылдық мерейтойы еліміздің мұнай-газ саласы үшін айтулы оқиға екенін айтты.

– Бүгінде «Теңізшевройл» жетекші халықаралық компания ретінде еліміздің жалпы экономикалық дамуына табысты үлес қосып келеді. Елімізде өндірілетін мұнайдың үштен бірі «Теңізшевройлға» тиесілі. Компания отыз жыл ішінде 70 миллиард доллар инвестиция құйып, мемлекет бюджетіне 160 миллиард доллардан астам кіріс әкелді. Компания тауарлар мен қызметтердің 70 пайызын жергілікті өнім жеткізушілерден сатып алады. «Теңізшевройл» жұмысшыларының 95 пайыздан астамы – Қазақстан азаматтары, – деді Президент.

 

Мемлекет басшысының айтуынша, компания мұнай саласында озық технологияларды белсенді түрде қолданып, көмірсутегі бейтараптығына қол жеткізуге септігін тигізетін шараларды дәйекті түрде қабылдап жатыр.

– 2000 жылдан бері компания ауаға таралатын шығарындылардың көлемін 75 пайызға азайтты. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуға тиіс. Теңіз кен орнындағы өндірісті ауқымды түрде кеңейту жобаларының жүзеге асырылуы аяқталып келеді. Бұл елімізге мұнай өндірісінің көлемін тағы да 12 миллион тоннаға арттырып, әлемдегі ең ірі мұнай жеткізуші елдердің қатарына кіруге мүмкіндік береді, – деді Президент.

 

 

 

Мемлекет басшысы жаңа шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында сөйлеген сөзінде шағын және орта бизнесті дамыту мәселесіне баса назар аударғанын атап өтті. Оның пікірінше, «Теңізшевройл» бұл бағытта да маңызды рөл атқарады. Компанияның ауқымды өндірістік қуатының арқасында әртүрлі салада жүздеген жаңа кәсіпорынның пайда болуына экономикалық негіз қаланды. Соның нәтижесінде он мыңдаған жұмыс орны ашылды.

Бұдан бөлек, Президент «Теңізшевройлдың» әлеуметтік жауапкершілігі туралы айтты. Кәсіпорын отыз жылда 100-ден астам ірі әлеуметтік жобаны іске асырған. Атап айтқанда, мектептер, балабақшалар, ауруханалар мен басқа да нысандардың құрылысына қомақты қаржы бөлген.

 

Жиын соңында Президент отандық мұнай саласына сіңірген ерекше еңбегі үшін бірқатар еңбек ардагері мен компания қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады.

«Құрмет» орденімен еңбек ардагерлері Жанұзақ Оразов, Жеңіс Сейтаев, Көбентай Сүйесінов, III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен еңбек ардагерлері Мұхит Әбілғазиев, Мырзақуат Қарабалин, Леонид Торопкин, Айтқали Ұйпақов, «Ерен еңбегі үшін» медалімен «Теңізшевройл» ЖШС екінші буындағы зауытының басқарушысы Данияр Бижанов, еңбек ардагерлері Болат Ерниязов, Орынбай Жәкиев, «Теңізшевройл» ЖШС біріктірілген өндірісті басқару орталығының басшысы Руслан Инебаев, Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен «Теңізшевройл» зауытының басшысы Нұрлан Бектаев наградталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-tenizshevroyl-kompaniyasynyn-30-zhyldygyna-arnalgan-saltanatty-zhiynga-katysty-431954

 

 

REKLAM ALANI